Алматыда қала маңына қатынайтын тағы 2 жаңа автобус бағыты ашылды
Алматыда мегаполистің агломерациямен көліктік байланысын арттыру аясында қалалық мобилділік басқармасы 25 желтоқсаннан бастап тағы 2 қала маңындағы қоғамдық көлік бағытын іске қосады.
Алматы, NEGE. Автобустар Қарасай және Талғар ауданындағы елді мекендерге қатынайды.
Фото: Алматы әкімдігі
«Мәдениет және демалыс саябағы – Ақтас кенті» бағыты бойынша №256 автобус жүреді. «Төлеби/Яссауи» автостанциясы» - Шамалған кенті» бағыты бойынша жолаушыларға №249 маршруты қызмет көрсетілетін болады. 7 автобус жүреді. Жол жүру құны 120 теңге. Барлық автобустарда Onay электронды билет жүйесі бар.
Фото: Алматы әкімдігі
Айта кету керек, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелеріне сәйкес бұл маршруттар тасымалдаушыларға қызмет көрсету конкурстары өткізілгенге дейін берілген және тестілік режимде жұмыс істейтін болады.