USD
USD
USD

Алматыда кафеге келушіні соққыға жыққан күзетшілер ұстады

Алматыда полиция кафеге келушіні соққыға жыққан күзетшілерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Алмалы аудандық полицейлері келушіні қатты соққыға жыққан қаладағы ойын-сауық мекемелерінің бірінің екі күзетшісін ұстады.

40 жастағы ер адам ауыр жарақаттармен қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.

– Бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында дәмхананың екі күзетшісінің кінәсі анықталды, жәбірленуші онда достарымен бірге болған. Күзетшілердің келушілердің отырыс уақытын сәл ұзарту туралы өтінішіне соншалықты агрессивті түрде әрекет еткендігі белгілі болды. Оның үстіне мекеме қызметкерлері соққыға жығылған ер адамға араша болмақ болған адамдарға еш әрекет жасамаған. Екі күдікті де ұсталып, қамауға алынды, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.