USD
USD
USD

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылданып жатыр

Алматыда «Халыққа қатысатын бюджет» қалалық бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау 9 қыркүйекте басталды. Бір апта ішінде тұрғындардан 248 өтінім келіп түсті.

Халық қатысатын бюджет
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Халыққа қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша идеяларды іске асыру үшін 2025 жылы budget.open-almaty.kz. порталында ағымдағы жылдың 25 қыркүйегіне дейін өтінім беру қажет

Қаланың аулаларын, көшелерін және аудандарын абаттандыру бойынша ұсыныстарды бюджет қаражаты есебінен барлық кәмелетке толған қала тұрғындары бере алады.

Өтінімдер жобаның атауы мен сипаттамасын, орналасқан жерінің мекенжайын, болжамды фотосуреттерді, сызбаны немесе эскизді, жобалық ұсыныстың сметасын қамтуы тиіс.

Бір өтінім 92,3 млн теңгеден (25 мың АЕК) аспауға тиіс.

Ережелер туралы толығырақ budget.open-almaty.kz интернет-порталынан оқуға болады.

Қазір оқып жатыр

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот