USD
USD
USD

Алматыда гуманитарлық көмек қабылдайтын пункт ашылды

Алматыда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау пункті ашылды.  

Алматы қаласы
Фото: казинформ

Алматы, NEGE. Алмалы ауданының комьюнити орталығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды.

Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының мәліметінше, гуманитарлық көмек келесі санаттарға бөлінеді:

— азық-түлік
— ауыз су
— дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдар;
— киім (жылы киім, аяқ киім, іш киім, шұлық және т. б.)
— заттар (көрпе, ұйықтайтын қап, жастық және т. б.)
— тұрмыстық заттар (шатырлар, термостар, шамдар, қуаттағыштар, шәйнектер, балалар ыдыстары және т. б.);
— гигиеналық құралдар (жөргектер, әйелдер гигиенасы құралдары, сабын, тіс пастасы, сусабындар, майлықтар, дәретхана қағазы, тазартқыш заттар).

«Гуманитарлық көмек Байтұрсынов көшесі, 22/1 мекенжайында қабылданады. Қабылдау уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін. Бүкіл ниет білдірушілер Алмалы ауданының комьюнити орталығына хабарласып, қажетті заттарды тапсыра алады. Байланыс нөмірі: +7 (747-82) 1-64-78; 7 747 540 01 40» деп хабарлады қалалық жастар саясатының басқармасы.

Еске салайық, Мемлекет басшысы еліміздегі су тасқынына байланысты өткен кеңесте жағдайды қалыпқа келтіру үшін шұғыл шаралар қабылдаумен қатар, жүйелі жұмыс қажет екенін айтты. 

Қазір оқып жатыр

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы