Референдум Референдум
USD
USD
USD

Алматыда фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді

7-11 қаңтар күндері Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында фристайл-могул және фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді.

Фристайл-могул
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Жаһандық додаға 13 елден 110 спортшы қатысады. Еліміздегі дүбірлі додада Қазақстан, Германия, Канада, Қытай, Франция, Швейцария, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония және өзге де елдің өкілдері сынға түседі.

Қазақстан құрамасы:

Могул/паралель могул: Анастасия Городко, Юлия Феклистова, Анастасия Ларионова, Виктория Кузнецова, Юлия Мокина, Семён Русаков, Ильнар Ибрагимов, Данил Коротков, Алексей Дениярёв, Денис Раструба.

Шаңғы акробатикасы: Дінмұхаммед Райымқұл, Ардана Маханова, Райана Маханова, Асан Асылхан, Роман Погосян, Ұланбәкір Өмірзақов, Аделина Өмірзақова.

Жарыс кестесі:

▪️7 қаңтар – могул, 10:00-ден 15:30-ға дейін

▪️8 қаңтар – параллель могул, 11:00-ден 14:30-ға дейін

▪️9 қаңтар – командалық параллель могул, 11:00-ден 15:00-ге дейін

▪️10 қаңтар – шаңғы акробатикасы, 11:00-ден 13:30-ға дейін

▪️11 қаңтар – командалық шаңғы акробатикасы, 12:00-ден 13:30-ға дейін

Жасөспірімдер арасындағы фристайлдан әлем чемпионаты 1986 жылдан бері Халықаралық шаңғы федерациясының (FIS) қолдауымен өткізіліп келеді. Алматы қаласы бұған дейін 2021 жылы фристайлдан Әлем кубогі кезеңдерін өткізген.

Айта кетейік, былтыр отандасымыз Анастасия Городко Италияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында могулдан алтын медаль олжалап, 2022 жылғы нәтижесін қайталаған еді.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов