USD
USD
USD

Алматыда есірткі зертханасын ұйымдастырумен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Алматыда есірткі зертханасын ұйымдастырумен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Олар Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан пәтерін өндіріс орнына айналдырған. Мұнда ерлі-зайыптылардың синтетикалық есірткі затын өндіріп, бөлшек сауда үшін қаптамаға салғаны белгілі болды.

– Есірткі сатушыларды ұстау бойынша арнайы іс-шара Алматы қаласы бойынша ҰҚКД қызметкерлерінің көмегімен “Қарасора” іс-шарасы аясында жүргізілді. Күдіктілер үйдің жанында ұсталды. Олар кристалданған затты, ақ түсті шөгінділері бар шыны ыдысты және ақшаны тапқан. Ал ұсталғандардың үйін тінту кезінде зертханалық жабдықтар, прекурсорларды сақтауға арналған шыны ыдыстар, магниттік араластырғыш, электр сорғылар, шыны колбалар, ноутбуктер, 265 мың теңге көлеміндегі қолма-қол ақша, ерекше иісі бар өсімдік тектес жасыл зат және басқа да құралдар табылды және тәркіленді, – деп мәлімет берді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат мефедрон есірткі заты болып шықты.

Екі күдікті де Алматы қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес

Berlin Today: Қазақстан Орталық Азияның экономикалық орталығына айналуда

Астана

Ресейдің Бас прокуратурасы FIDE басшысы Тимур Турлов пен Freedom Holding атына сотқа талап-арыз түсірді

Тимур Турлов