USD
USD
USD

Алматыда есірткі сатушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматыда есірткі сатушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Еске салайық, өткен жылдың қыркүйек айында Алматы полициясы ойын-сауық мекемесінің аумағында синтетикалық есірткі сатып жүрген 27 жастағы жігітті ұстаған болатын.

– Біздің бөлімшенің жедел уәкілдері мен полицияның арнайы жасақтары іс-шараны түнгі сағат 03:00-де жүргізді. Күдікті ұсталды. Бізге белгілі болғандай, 1996 жылы туған Р.есімді азамат түнгі клубқа келушінің атын жамылып, есірткі таратумен айналысқан. Ұсталған кезде, оны тінту барысында құрамында синтетикалық заты бар, ашық түсті, ұнтақ түріндегі байлам табылды. Шөп тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша тіркелді. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді сол кезде Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы.

Сот үкімімен 28 жастағы Р.есімді азамат ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 6-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов