USD
USD
USD

Алматыда Есентай өзенінің арнасына көлікпен кірген 17 жастағы жасөспірім жауапкершілікке тартылды

Полиция Есентай өзенінің арнасына Toyota маркалы автокөлікпен кірген жүргізушіні анықтады.

Есентай
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Ол – 17 жастағы жасөспірім. Полиция барлық құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттама толтырды:

– ҚР ӘҚбК-нің 442 бабы – Сыртқы жарық түсіру құрылғыларын пайдалану ережелерін бұзу (маячоктарды заңсыз орнату);

– ⁠ҚР ӘҚбК-нің 590 бабы 1 бөлігі – Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ көлік құралын басқару;

– ⁠ҚР ӘҚбК-нің 505 бабы – Қаланы абаттандыру қағидаларын бұзу (өзен арнасына көлікпен кіру);

– ⁠ҚР ӘҚбК-нік 603 бабы 1 бөлігі – Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу;

– ⁠ҚР ӘҚбК-нің 612 бабы 2 бөлігі – Кәмелетке толмаған адамның жол қозғалысы ережелерін бұзуы.

Сонымен қатар кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі ретінде анасы да оның тәрбиесіне тиісті деңгейде мән бермегені үшін жауапкершілікке тартылды. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

– Профилактика жылы аясында Алматы полициясы заңдылық пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. Мұндай әрекеттер адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан әрбір адамның, әсіресе ата-аналардың бала тәрбиесі мен тәртібіне жеке жауапкершілігі маңызды. Ересектерді мұндай құқықбұзушылықтарға жол бермеуге шақырамыз, – деді Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері