USD
USD
USD

Алматыда Ермек Серкебаевтың ескерткіші ашылды

Бүгін Алматы қаласында көрнекті опера әншісі, актер, педагог Ермек Серкебаевқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, әншінің ағасы Мұрат Серкебаевпен ұлы Байғали Серкебаев, сондай-ақ шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Ермек Серкебаевтың ескерткіші
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ескерткіш Абылай хан даңғылының бойында, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі ғимаратының алдында орнатылған.

Министр Аида Балаева ескерткіштің ашылуы елінің ұлы перзентіне деген құрметі екенін атап өтіп, Ермек Серкебаевтың бай рухани мұрасы ұлт жадында мәңгі сақталатынына сенім білдірді.

«Ермек Серкебаев – сирек кездесетін талант иесі, кәсіби шеберлігі жоғары музыкант. Ол миллиондаған өнер сүйер көрерменнің шынайы махаббатына бөленді. Бүгінгі қазақ операсын Ермек Серкебаевсыз елестету қиын. Оның ғибратты ғұмыры – мәдениетіміздің тарихындағы тұтас бір тарау. Көпшілік білмеуі мүмкін, бірақ ол қоғамдық-саяси өмірде де белсенділік танытып, Тәуелсіздігіміздің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосты. Сонымен қатар, Ермек Бекмұхамедұлы дарынды музыканттар әулетінің негізін қалады. Балалары мен немерелері оның ісін лайықты жалғастырып, қазақ өнерін әлемнің әр түкпірінде дәріптеуде», – деді Мәдениет және ақпарат министрі.

Ведомство басшысы Ермек Серкебаевтың бейнесін қоладан сомдаған мүсіншілер – Айдос Бүркітбаевқа, Тимур Ермұхаметовке, Ақылбек Орманбековке және Қуаныш Асылбайға ерекше алғыс білдірді.

Қазір оқып жатыр

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама

Әділет министрлігі NCOC-тан 2,3 трлн теңге өндіріп алу неге уақытша тоқтатылғанын түсіндірді

Әділет министрлігі