Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда ережелерді бұзған балабақшаларға 165 млн теңгеге айыппұл салынды

Осы жылдың сәуір — қараша айлары аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының талаптары негізінде Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аудандық басқармаларының мамандары мектепке дейінгі білім беру объектілеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізді. 

Балабақша
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның нәтижесінде барлығы 947 балабақша бақылауға алынып, 733 жоспардан тыс тексеру жүргізілді және 674 бұзушылықтар анықталды.

— Тексеру барысында негізінен нашар санитариялық-техникалық жай-күй, профилактикалық шаралар қарастырылмауы, желдету жүйелерінің ақаулығы, тағамдар мен аспаздық бұйымдардың сапасын органолептикалық бағалау журналының болмауы немесе уақтылы жүргізілмеуі сынды санитариялық ережелер талаптарының бұзушылықтары анықталды, — деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысыны орынбасары Гаухар Каткенова.

Анықталған бұзушылықтар бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 425 — бабының 1 — бөлігімен жалпы айыппұл сомасы 165 752 340 теңге болатын 389 хаттама толтырылып, бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетілген нұсқамалар берілген. Сондай-ақ қалған 285 нысанға прокуратура тарапынан әкімшілік шаралар қабылданған.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz