USD
USD
USD

Алматыда ер адам өзіне ескерту жасаған автобус бақылаушысын пышақтап кетті

Алматыда 38 жастағы ер адам автобус бақылаушысына пышақпен шабуыл жасаған. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға күндіз Наурызбай ауданында қоғамдық көліктердің соңғы аялдамасында болған.

"Автобустардың бірінің диспетчері өтіп бара жатқан адамға белгіленбеген жерде темекі шеккені үшін сөгіс айтып, нәтижесінде ер адамдар арасында жанжал туындаған. Артынша автобусқа өтіп бара жатқан адам жүгіріп кіріп, қарсыласын пышақтап кеткен. Жедел жәрдем бригадасы бақылаушыны шұғыл түрде ауруханаға жатқызды", – деді Алматы қалалық ІІД бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

38 жастағы күдікті жедел іздестіру шараларымен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық қару – асхана пышағы тәркіленді.

Қазір оқып жатыр

«Ешқайсысына араша түспеймін»: Министр Ақтаудағы хирург пен ата-ана дауына пікір білдірді

Ақмарал Әлназарова

«Центр плова Loft» ісі: 12 адамның өліміне кінәлі үш адамға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Щучинск

Келер жылдан бастап шетелге жұмыс істеуге шығатын қазақстандықтар есепке алынбақ

Жолаушы

Қазақстанда 70 мың медицина қызметкерінің жалақысына қосымша ақы қосылады

Дәрігер мен науқас