Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда ер адам мешіттерде намаз уақытында ұрлық жасаған

Алматы полицейлері күдіктіні ұстады.

Видеодан скриншот/polisia.kz
Фото: Видеодан скриншот/polisia.kz

Астана, NEGE. Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті жамағаттан ұялы телефондар мен әмияндар ұрлаған. Ол намаз уақытындағы адамдардың бейқамдығын пайдаланып, қылмысын жасырын іске асырған.

«Полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби жұмысының нәтижесінде ұрлықтарға қатысы бар күдікті ұсталып, әрбір дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.

Қылмыстық әрекеттің бірнеше эпизоды дәлелденген. Қазіргі уақытта күдікті ер адамның осыған ұқсас басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Полицейлер тұрғындарды жеке затына мұқият болуға және күмәнді тұлғаларды байқаған жағдайда полицияға дереу хабарлауға кеңес етті.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық