USD
USD
USD

Алматыда Экономикалық тергеп-тексеру департаменті колледж студенттерімен қаржылық қауіпсіздік тақырыбында кездесу өткізді

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

Кездесу
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ДЭР қызметкерлері Алматы экономикалық колледжінің студенттерімен қаржылық қауіпсіздік тақырыбында кездесу өткізді.

Іс-шара барысында студенттер жеке қаржыларын қорғаудың негізгі шараларымен танысып, интернет-алаяқтық түрлері мен дропперлер туралы және мұндай заңсыз қызметке қатысқандардың жауапкершілігі жөнінде жан-жақты ақпарат алды.

Студенттер нақты өмірден алынған мысалдарға ерекше қызығушылық танытып, интернеттегі алаяқтық әрекеттерді қалай анықтауға болатынын талқылады. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, департамент қызметкерлерінен толық жауаптар алды.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық санасын арттыруға, қаржылық мәдениетін дамытуға және азаматтардың заңсыз әрекеттерге тартылуын алдын алуға бағытталған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі