Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне жалған билеттерді сатқан күдіктілер ұсталды

Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне жалған билеттерді сатқан күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Алматы қаласы ПД-ның киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасы, Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, өткен жексенбіде өткен Дженнифер Лопестің концертіне жалған билеттер сату дерегі бойынша күдікті ер адамды ұстады. Тергеу барысында күдіктінің интернет-платформалардың бірінде хабарландыру жариялап, концертке екі жалған билет сатқандығы белгілі болды.

– “Заң мен тәртіп” қағидаты бізден мұндай деректерге жедел әрекет етуді талап етеді. Азаматтардың ақшасын алдау жолымен иемденуге тырысқан адамдар анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады. Осындай жағдайларға тап болмас үшін билеттерді тек ресми сайттардан немесе сенімді кассалардан сатып алуды қатаң түрде ұсынамыз, – деді Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.

Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Қажылыққа апарамын деп елден 60 млн теңге жинап алған екі астаналық сотталды

Қажылық

Қазақстанда сауда өсімі екі есеге жуық баяулады – экономист

әлеуметтік маңызы бар тауарлар

Қазақстан туралы даулы пікір айтқан ресейлік блогер елден шығарылды

Ксения Гузаева

Қарағанды облысында электр станциясына 8 млн теңге айыппұл салынды

экологиялық бұзушылық