USD
USD
USD

Алматыда DESIGN REVIEW 2024 байқауы басталды

Алматыда жас сәулетшілер мен дизайнерлерге арналған байқау басталды.

Алматы
Фото: Алматы

Алматы, NEGE. Алматы даму орталығы ҚазБСҚА және «Алматыбасжоспар» ҒЗИ қолдауымен байқаудың басталғанын жариялады. Ол 2024 жылдың 30 қазаны мен 30 қарашасы аралығында өтеді.

Қатысушылар жеделсаты жоқ болғандықтан, жүріп-тұруы шектеулі адамдарға қиындық туғызатын кеңестік және посткеңестік дәуірдегі үйлердің сапасын жақсартуға қатысты шешімдерін ұсына алады.

Байқаудың негізгі мәліметтері:

Тіркелу: 6 қарашаға дейін мына сілтеме бойынша https://clck.ru/3EG77E.

Шеберлік дәрістері: 7-15 қараша аралығында тіркелген қатысушыларға арналған.

Тақырыптар қалалық кеңістікті зерттеу әдістері, дизайн жобаларын жасау және презентация дағдыларын қамтиды.

Жұмысты өткізу: 28 қарашаға дейін

Жұмыстардың тұсаукесері: 29-30 қарашада сарапшылар комиссиясының алдында

Жүлделер:

1-орын – 300 мың теңге.

2-орын –200 мың теңге.

3-орын – 100 мың теңге.

Үздік жұмыстар әлеуметтік қызметтер мен бизнестің нормативтік актілерінде іске асыруға ұсынылады. Байқаудың шарты мен толық мәліметті ережеден біле аласыз.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank