USD
USD
USD

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Алматыдағы мектептердің бірінде түлектердің бітіру кешіне қомақты қаржы жинау фактісі бойынша аудандық білім бөлімінің бастығы мен мектеп директоры тәртіптік жауапқа тартылды.

кісі өлімі
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, тексеру барысында қаражат жинау бастамасы ата-аналар тобы тарапынан көтерілгені және бұл мәселе бейресми ата-аналар чаттарында талқыланғаны анықталған.

«Бастама жеке сипатта болғанына қарамастан, мектеп әкімшілігі мен аудандық білім бөлімінің қызметкерлері оқу орнының этикалық нормалары мен ашықтық принциптерінің сақталуын бақылауды әлсіреткені белгілі болды.

 

Лауазымдық міндеттерін дұрыс орындамағаны және заңсыз қаражат жинаудың (соның ішінде ата-аналар комитеттері арқылы) алдын алуда бақылаудың болмағаны үшін білім беру мекемесінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – делінген басқарманың Nege.kz-ке берген ресми жауабында.

Сондай-ақ, тиісті аудандық білім бөлімінің басшысы да өз қарамағындағы аумақта алдын алу жұмысындағы кемшіліктері үшін тәртіптік жазаға тартылғаны мәлім болды.

Айта кетейік, бүгін алматылық ата-аналардың бірі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдап, түлектердің бітіру кешіне әр баладан 200 мың теңгеден ақша жинап жатқанын мәлімдеді. Айтуынша, мектеп әкімшілігі ата-ананың бітіру кешін аз сомамен сапалы өткізу туралы ұсынысына да құлақ аспаған. Осы жайттарды айта келе, жас түлектің анасы Президенттен  қала мектептерінде тәртіп орнатуға ықпал етуін өтінген еді.

 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар