USD
USD
USD

Алматыда бір аптадан бері танымал әншінің ұлы іздестіріліп жатыр

Алматыда марқұм әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы Байыр Сиқымбаевқа іздеу жарияланды.

Маңғыстау
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Жоғалған ер адамға қатысты іздеу бағдарламасы Lider.kz еріктілер қозғалысының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды, деп жазады Kazinform.

Еріктілер жариялаған ақпаратқа қарағанда, Байыр Сиқымбаев 24 наурыз күні сағат 13:20 шамасында Медеу ауданындағы Коперник көшесіндегі үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

Айрықша белгілері: бойы 180–185 см, арық денелі, шашы қысқа, қара. Қара спорттық костюм киген.

Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады. 

«Медеу аудандық полиция бөлімі жедел-іздестіру шарасын бастады. Қазіргі уақытта ер адамның жүрген жерін анықтау бойынша кешенді іздестіру жұмыстары жүргізілуде», – деп хабарлады қалалық полицияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, белгілі эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаева 2024 жылы күзде дүние салған еді.

Қазір оқып жатыр

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматыда полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

сот тыңдауы

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін мұғалімдер ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап беруден бас тарта ала ма?

Атаналар чаты

Қаржы сарапшысы: Базалық мөлшерлеме – нарықтағы ақшаның құны

Әсел Әуелбекова