USD
USD
USD

Алматыда бейнебақылау камераларынан айласын асырмақ болған жүргізуші сотталды

Алматыда көлік нөмірін жасырған жүргізуші сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Алматыда бейнебақылау камераларынан айласын асырмақ болған 27 жастағы Toyota Mark II көлігінің жүргізушісі ұсталып, сот шешімімен әкімшілік жазаға тартылды. Сүйінбай даңғылында патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған көлікті тоқтатып, тексеру барысында оның алдыңғы нөмірін жасырын механикалық құрылғы арқылы аударып отыратынын анықтады.

— Қаланың бейнебақылау жүйесі арқылы бұл көлікке назар аудардық. Жүргізуші арнайы пульттің көмегімен мемлекеттік нөмірді аударып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған. Бұл әрекет өзге жол қозғалысына қатысушылар үшін қасақана қауіп төндірді. Заңсыздықты анықтаған тәртіп сақшылары көлік иесін ұстады, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Сот шешімімен құқықбұзушы ҚР ӘҚБК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нәтижесінде ол 3 тәулікке қамауға алынып, 1 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер