USD
USD
USD

Алматыда балаларға арналған басылымдарды дамыту мәселелері талқыланды

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева балалар баспа басылымдарының редакторларымен кездесті.

Алматыда балаларға арналған баспа басылымдарын дамыту мәселелері талқыланды
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі баспа басылымдар арқылы өскелең ұрпақтың өнер, білім, ғылым мен әдебиетке деген қызығушылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Министр жиында балалар контентін құру кезінде заманауи технологиялар мен креативті идеяларды қолдану қажеттілігіне назар аударды.

Қатысушылар балалар мен балалар әдебиеті индустриясы үшін заманауи қазақстандық журналистиканы дамыту, олардың дамуы үшін баспа басылымдарының рөлін арттыру, креативті контент жасаудың өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесу нәтижесінде балалар мен жастарға арналған туындылар жасайтын шығармашылық интеллигенцияны қолдау, креативті индустрия аясында балалар басылымдарына арналған жобаларды ұйымдастыру, Әкелер форумы мен Ата-аналар форумында балалар тақырыбына арналған жеке секция өткізу туралы шешім қабылданды.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу