USD
USD
USD

Алматыда балабақша тәрбиешісі 4 жасар баланы ұрып-соғып, тұншықтырған (видео)

Алматыда балабақша тәрбиешісінің 4 жасар баланы ұрып-соғып, тұншықтырған сәті видеоға түсіп қалған. 

Алматы
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Ата-ананың бірі 4 жасар баласының тәрбиешіден зорлық-зомбылық көргенін айтып шағымданған. Ол бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеріп, тәрбиеші баласын тұншықтырғанын көрсететін жазбаларды тапқан. Оқиға болған кезде бөлмеде тағы екі қызметкер болды. Алайда олар әріптесінің әрекетіне араласпаған.

Ата-аналар Бостандық аудандық полициясына арыз жазды.

«Бостандық аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық тергеуді бастады», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықталып жатқанын жеткізді. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылатын болады.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК Нұрлан Жақыпов пен Ерлан Отыншиевтің ұсталғанын растады

Жақыпов, Отышниев

«Ақшаны қайтарыңдар»: Павлодар әкімдігі әлеуметтік төлемге қатысты түсініктеме берді

Мүгедек бала

Астанада чемодандардан долларлар шашылды

Астанада аулада шашылып жатқан доллар

Пайда мен қарыз бірге өсуде. Ағайынды Тастекейлер биыл НЕГЕ қарқын алып келеді?

TAS