USD
USD
USD

Алматыда азаматтардың атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Алматыда 25-тен астам азаматтың атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру іс-шаралары аясында полиция қызметкерлері 20 жастағы Алматы қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Ол үшінші адамдардың атына бірнеше рет олардың хабарынсыз шағын несие рәсімдеген деген күдікпен ұсталды. Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметінше, жауап алу кезінде жас жігіт өз кінәсін мойындап, мұндай әрекетті 25-тен астам рет жасағанын айтты.

Эпизодтардың бірі күдіктінің әрекетінен зардап шеккен қала тұрғынының арызы негізінде қылмыстық іс қозғауға себеп болды.

Күдікті қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

– Полиция алаяқтарға қарсы әрекет ету әдістерін белсенді түрде жетілдіруде. Мұндай қылмыстар жазасыз қалмайды, - деді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек