USD
USD
USD

Алматыда әйелдерді құлдыққа сатпақ болғандардың әрекеті әшкереленді

Алматы қаласы прокуратурасының, ҰҚК қала бойынша Департаментінің үйлестіруімен, сондай-ақ Интерполдың және Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшілігінің жәрдемдесуімен, Қазақстан Республикасының азаматшасын шетелге еңбекке пайдалану үшін заңсыз тарту және әкету әрекетінің жолы кесілді.

Алматы қаласы прокуратурасы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Зардап шегушінің ұзақ уақыт бойы «Ханифа» атты шетел азаматымен байланыста болғандығы анықталды, ол оған жұмысқа орналасу үшін Таяу Шығыс елдерінің біріне көшуді бірнеше рет ұсына отырып, тиімді жұмыс жағдайларын уәде еткен.

Әйел жақындарын хабардар етпестен, өз бетінше шетелге ұшып кеткен.

Оман Сұлтандығының халықаралық әуежайына келгеннен кейін, ол жедел іс-шараларының нәтижесінде ұсталып, сол күні Отанына қайтарылды.

Алматы қаласының прокуратурасы шетелдерде жұмысқа орналасу туралы ұсыныстарды алған кезде азаматтар алаяқтармен адам сатушылардың құрбаны болмас үшін қырағылық танытулары және ақпараттың дұрыстығын тексерулері керектігін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам