USD
USD
USD

Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан ер адамға үкім шықты

Алматының Қарғалы шағынауданындағы аялдамалардың бірінде 66 жастағы әйелді аяусыз соққыға жыққан ер адам сот үкімімен бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Аялдамада соққыға жыққан
Фото: Видеодан кадр

Астана, NEGE. Іс материалдарына сәйкес, биыл 23 сәуірде таңертең ер адам аялдамада тұрған әйелге себепсізден-себепсіз тап беріп, оның басы мен бетіне жұдырығымен 5-6 рет соққы жасап, денесі мен басынан бірнеше рет тепкен.

Сот-медициналық сараптама әйелдің соққы салдарынан алған жарақаттарын денсаулығына жеңіл зиян келтіру ретінде бағалаған.

Ер адамның кінәсі оқиға орнындағы бейнежазбамен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сот оны Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы 2-бөлігінде («Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») көзделген қылмыс бойынша кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтемек.

Сондай-ақ сот жәбірленушінің азаматтық талабын қанағаттандырды. Сотталған ер адамнан 534 348 теңге материалдық шығын, өкілдің қызметіне жұмсалған 500 мың теңге және моральдық зиянды өтеу үшін 500 мың теңге өндірілді.

Айта кетейік, ер адам бұған дейін сотты болған. Ол үйіне келген ер адамдардың біріне пышақ жарақатын салып, екіншісінің денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін айыпталған. Сот оны оны екі жылға бас бостандығынан айырған.

Қазір оқып жатыр

ЖСДП бензин сапасын бақылауды күшейтуді ұсынды

бензин сапасы

ОСИ төрағалары бұрынғы басшыға тәуелді болып қалуы мүмкін – Смышляева

Екатерина Смышляева

«40 млн теңге материалдық сыйақы алған»: Көлік саласындағы екі шенеунік қамауға алынды

шенеунік ұсталды

Under Armour Қазақстан ұлттық құрамасының жасанды формасын әзірлегендерді анықтауға кірісті

Ұлттық құрама