USD
USD
USD

Алматыдағы автобус апаты: «5:32» сериалының продюсері 2,5 жылға сотталды

Алматы соты биыл жазда болған автобус апатына кінәлі деп айыпталған Анель Сартаеваны 2,5 жылға соттап, 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. 

 Алматы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Алмалы аудандық соты абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқара отырып, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша (ҚК 345-бабының 3-бөлігі) сотталушы С.-ға қатысты қылмыстық істі қарады», - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Жазда Анель Сартаева көлігімен келе жатып, жол белгісін елемей, автобуспен соқтығысқан болатын. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алған. 

Сол кезде сотта Анель Сартаева сәбиі бар екенін айтып, болған жағдайға өкініп, оны бас бостандығынан айырмауды өтінген. Қайтыс болған жолаушының ұлы сотта сотталушыны кешіріп, оған ешқандай талап қоймаған.

Сот үкімімен оған қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол сәбиінің болуына байланысты, жазасын 3 жылдан соң өтейді. 

Анель Сартаеваның Salem Social Media медиакомпаниясының продюсері болғаны және «5:32», «Эскорт», «1286» сияқты сериалдарды түсіргені белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов