USD
USD
USD

Алматыда әуежай жұмысын жақсарту мәселесі талқыланды

Алматы әкімі Ерболат Досаев TAV Airports Holding бас директоры Серкан Каптанмен кеңес өткізді.

Алматы әуежайы
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Олар мерзімінен екі ай бұрын ашылған әуежайдың жаңа халықаралық терминалының дамуын талқылады.

Қала басшысының айтуынша, қызмет көрсету сапасын артады делінгенімен, дренаж жүйесінің істен шығуы, эскалаторлардың дұрыс жұмыс істемеуі, жүк беру кезінде кідіріс сыды бірқатар кемшілік анықталған. Серкан Каптан бірқатар қиындыққа тап болғанын айтып, бұрын анықталған кемшіліктердің жойылғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта дренаж жүйесін қалпына келтіру аяқталып келеді, телетраптарды ауыстыру, тіркеу, күту және жүк беру аймақтарын кеңейту жұмыстары қолға алынған. Енді ұшу-қону жолағы мен перрондарды жаңарту, жабдықтар паркін жаңғырту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, көлік легі және автотұрақ жетіспеушілігі мәселесі талқыланды.

Қарбалас сәтте әуежайға кіру 45 минутқа дейін созылуы мүмкін. Қазірдің өзінде 551 орынға арналған 3 тұрақ аймағы ашылған, алдағы уақытта 1000 орындық көпқабатты автотұрақ салу жоспарға енген.

Тараптар әуежайдың инфрақұрылымын жақсарту үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін айтты. 

Қазір оқып жатыр

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам