USD
USD
USD

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 8 мамыр күні полиция қызметкерлері 10 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Олардың бірінің үйінен қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облыстық полиция департаментінен ұрланған қару табылды.

Қылмыстық топ
Фото: polisia.kz

Астана, NEGE. Полиция мәліметінше, күдіктілердің қатарында бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері де бар.

«Күдіктілер мегаполис аумағында жасалған бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде қару қолданылған бұзақылыққа, бопсалауға, денсаулыққа ауыр зиян келтіруге, сондай-ақ қару-жарақ пен өзге де тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікке ілінді», – делінген хабарламада.

21 санкцияланған тінту жүргізу кезінде едәуір көлемдегі қару-жарақ пен өзге де заттар тәркіленді. Атап айтқанда, күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен бірнеше бірлік атыс және травматикалық қару, оның ішінде кесілген мылтықтар мен оқ-дәрілері бар Калашников автоматы табылды.

«Аталған қару қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған», – дейді ІІМ өкілдері.

Күдіктілердің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауға бағытталған тергеу және жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ