USD
USD
USD

Алматыда әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы өлі күйде табылды

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы Байыр Сиқымбаевтың денесі табылды.

Гүлнәр Сиқымбаева
Фото: instagram.com/zhazirabegaly_tv

Астана, NEGE. Қаралы хабарды журналист Жариза Бегалы жеткізді.

«Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы табылды. Марқұмның неден қайтыс болғаны белгісіз. Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы. Жаны жаннатта болсын», – деп жазды журналист желідегі парақшасында.

Бұл ақпаратты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Кеше Алматы қаласының Бостандық ауданында сыртқы зорлық-зомбылық белгілерінсіз ер адамның мәйіті анықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда марқұм әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы Байыр Сиқымбаевқа іздеу жарияланғанын жазған едік. Байыр Сиқымбаев 24 наурыз күні Медеу ауданындағы Коперник көшесіндегі үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Ал белгілі эстрада әншісі Гүлнәр Сиқымбаева 2024 жылы күзде дүние салған еді.

 

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек