USD
USD
USD

Алматыда «Алма-Арасан» радон көзін реконструкциялау жоспарлануда

Алматыда 2025 жылы Үлкен Алматы шатқалының ең көрнекті нысандарының бірі - «Алма-Арасан» радон көзін реконструкциялау жоспарлануда.

Алмарасан
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Алматы Мәслихатының алдағы сессиясында 2025-27 жылдарға арналған бюджеттің тиісті жобасын қарау жоспарлануда. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Бірегей емдік қасиеттерімен танымал орын туристер мен қала тұрғындарын, қазақстандықтарды ғана емес, шетелдіктерді де өзіне тартады. Қазіргі инфрақұрылымның жағдайына, қолайсыздықтар мен тәуекелдерге байланысты қала тұрғындары мен туристердің көптеген шағымдарына жауап ретінде кешенді жаңарту туралы шешім қабылданды.

Радон көзін соңғы жөндеу 2019 жылы жүргізілді, содан бері оның инфрақұрылымы жайлылық пен қауіпсіздіктің заманауи стандарттарына сәйкес келу үшін реконстуркциялауды қажет етеді.

Абаттандыру жобасы инфрақұрылым объектілерін толық реконструкциялауды көздейді. Негізгі іс-шаралардың қатарында қауіпсіз сырғанауға қарсы жабындары бар жаңа көпірлер орнату, жол желісін және жаяу жүргіншілер аймақтарын жаңарту бар. Ең қауіпті учаскелерде қоршаулары бар баспалдақтар орнатылады, сондай-ақ зақымдалған элементтерді күшейту және ауыстыру жүргізіледі. Сонымен қатар, барлық учаскелердің палубасы болат тордан жасалады, бұл жазда да, қыста да қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, жоба туристерге рельефті бағдарлауға көмектесетін, сондай-ақ радон көзінің емдік қасиеттерімен таныстыратын жаңа көрсеткіштер мен ақпараттық стендтерді орнатуды қамтиды.

Қазір оқып жатыр

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды

Ұялы телефон

«Тозаққа айналады»: Трамп Иранға 48 сағат уақыт берді

депорация

Танакөз Толқынқызының үстінен іс қозғалмайды

Танакөз Толқынқызы

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Алматы