USD
USD
USD

Алматыда алғашқы мопед тіркелді

Алматыда алғашқы мопед тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тіркеу
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Алматыда мопедті алғашқы тіркеу жұмыстары табысты аяқталды. Жас алматылық өз көлігінің техникалық төлқұжатын және мемлекеттік тіркеу нөмірін алды.

– 2024 жылы «Жол қозғалысы туралы» заңға енгізілген түзетулердің негізгі мақсаты – мопедтерді пайдалануды реттеу. Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары болып табылады және оларға барлық заң талаптары қолданылады. 2024 жылдың 11 қаңтарынан бастап пилоттық жоба аясында мопедтерді тіркеуге рұқсат беретін ережелер күшіне енді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізімін әзірледі, ал мопедтің жақтауында сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда да тіркеу оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырылады, – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев.

Айта кетейік, биыл сәуір айынан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске мопед жүргізушілерінің жауапкершілігіне қатысты түзетулер енгізіледі. Олар А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуы тиіс және басқа да жол қозғалысы қатысушылары сияқты заңды жауапкершілікке тартылады.

Қазір оқып жатыр

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала

Үлкен ауылында 33 мың тұрғынға есептелген атомшылар қалашығы салынбақ

АЭС

Қарағанды облысында қызды топ болып зорлаған бес жасөспірім сотталды

Қылмыстық іс

Ақтауда ерлі-зайыпты интим қызмет көрсететін адамды бопсалап, 3 млн теңге талап еткен

әйел