USD
USD
USD

Алматыда АҚШ консулдығы салынады

Мәжіліс депутаттары Алматы қаласында АҚШ консулдық мекемесінің ғимаратын салу үшін АҚШ үкіметіне жер телімін жалға беру туралы Қазақстан-Америка үкіметаралық келісімін ратификациялады.

АҚШ консулдығы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құжатқа 2024 жылдың 27 қыркүйегінде Нью-Йорк қаласында қол қойылған. Шарттың ережелері жер учаскесін беру тәртібі мен шарттарын анықтайды. Оның ауданы – 70593 шаршы метр, жалдау мерзімі – 49 жыл. Жалдау ақысы 25,3 миллион АҚШ доллары және келісім енгізілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде бірыңғай төлеммен төленетін болады.

Келісімге сәйкес АҚШ үкіметі жалдау ақысын қоспағанда, жер учаскесі мен консулдық ғимаратына салықтар мен басқа төлемдерді төлеуден босатылады.

«Бұл ретте ол консулдық ғимаратының құрылысына байланысты коммуналдық қызметтерді Қазақстанда қолданыстағы нормативтер мен тарифтерге сәйкес төлей отырып, ғимаратты күтіп-ұстауға және жөндеуге жұмсалған шығындарды дербес төлеуге міндеттеледі. Ғимаратты салу және жабдықтау үшін АҚШ-та өндірілген материалдарды, жабдықтар мен тауарларды пайдалана алатын АҚШ мердігері бас мердігер болады. Олар кедендік төлемдерден, импорт салықтарынан және рұқсат алу талаптарынан босатылады», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов