USD
USD
USD

Алматыда Абай даңғылын ұзарту жұмыстары қашан аяқталады?

Магистральдық көшелерді ұзарту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты.

Жол жөндеу
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Қараша айының соңына дейін Абай даңғылын Строительная көшесінен қала шекарасына дейін ұзартуды аяқтау жоспарланған. Төле би және Жұбанов көшелерін ұзарту бойынша бүгінде инженерлік желілерді шығару және жер телімдерін сатып алу жалғасуда.

Ауданның 110 көшесіндегі 50 мың шаршы метр жол ағымдағы жөндеуден өтті, ал қараша айының соңына дейін 150 көшеде тағы 20 мың шаршы метр жол жөндеу жоспарланған. Ұзындығы 13 км болатын тағы 22 көше орташа жөндеуден өтеді.

«Жыл басынан бері 10 маршрутта қозғалыс аралығын қысқарту мақсатында 150 автобустың жаңартылды. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін 12 жаңа аялдама кешені орнатылды, ал жыл соңына дейін бұрын болмаған жерлерге қосымша 5 аялдама орнату көзделген», – деді қала басшысы.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары