USD
USD
USD

Алматыда Абай алаңында дрондар шоуын 60 мыңнан астам адам тамашалады

9 мамыр күні Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды дрондар шоуы өтті. Бұл шара мерекенің шарықтау шегіне айналды.

Дрондар
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Абай алаңында 500-ден астам дрон көкке көтеріліп, жарық пен анимация арқылы ерлік пен жанқиярлықты, есте қалған ерлікке толы сәттерді баяндады.

Сонымен қатар, қазақстандық батырлардың — Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Талғат Бигелдинов және Бауыржан Момышұлының бейнелері аспанда жаңғырды.

Маңызды символ ретінде Мәңгілік алау, Жеңіс туының көтерілген сәті мен «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» деген жазу көрсетілді. Шоудың шарықтау сәті – қазақы оюмен көмкерілген композиция және «Жеңіс күні құтты болсын!» деген жарқыраған жазу болды.

Шараны 60 мыңнан астам көрермен тамашалады, сонымен қатар онлайн трансляция да жүргізілді.

Қазір оқып жатыр

Дайрабаев Қожаназаров туралы: «Көреалмаушылықты доғаруымыз керек»

Жигули Дайрабаев

«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттығына 69 кандидатты ұсынды

Ауыл партиясы

Мемлекет басшысы Назарбаевқа ізгі тілегін жолдады

.

Қазақстанда 62 жанармай құю бекетінің қызметі тексеріліп жатыр

Бензин, дизель