USD
USD
USD

Алматыда 955 орындық жатақхананың құрылысы басталды

Алматыда Satpaev University студенттеріне арналған тоғыз қабатты 955 орындық жатақхананың іргетасын қалау рәсімі өтті.

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Жатақханада жалпы ауданы 11 мың шаршы метрден асатын 319 тұрғын бөлме болады. Құрылыс алаңы шамамен 1 гектар, автотұраққа арналған орындар да қарастырылған. Құрылысты 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Биыл Алматыда 4500 орындық 16 нысан пайдалануға беріледі. Оның ішінде жаңа оқу жылының басына дейін 1600 орындық 6 нысан іске қосылды. Салыстыру үшін 2023 жылы Алматыда 4000 жаңа орын құрылған болатын.

Студенттік жатақханалар салу жұмысы жобалық кеңсе тарапынан үйлестіріледі, ол инвесторларға жобаларды жүзеге асыруға көмектеседі. Кеңсе іске қосылғаннан бері 120 әлеуетті инвестор өтініш білдірген.

Қазір оқып жатыр

Депутаттар портреті. Асхат Аймағамбетов. Реформатор

.

Bloomberg: Қазақстанда қаржы компанияларынан тек Aitu-ды қолдану талап етілуде

 Aitu

Ақын Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне түсті

Мұхтар Шаханов

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино