USD
USD
USD

Алматыда 9 мамыр күні бірқатар көше уақытша жабылады

Ертең 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында гүл шоқтарын қою салтанатты рәсіміне байланысты саябақ аумағында бірқатар көше уақытша жабылады. 

Автобус Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін Қонаев Жібек жолы Қазыбек би  Бәрібаев көшелері аумағында көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл аумақта автотұрақ та уақытша жабылады.

Сондай-ақ осы уақыт аралығында Гоголь көшесі Орталық мәдениет және демалыс саябағынан Қонаев көшесіне дейін толықтай жабылады.

Осы кезеңде көліктерді бұл көше бойында қалдырмауды сұраймыз, деп ескертеді басқармадан.

Одан бөлек іс-шараға қатысушыларға ыңғайлы болу үшін 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағынан келесі бағыттар бойынша біржақты тегін тасымалдау ұйымдастырылады:

Достық даңғылы (Төле би және Қазыбек би көшелерінің арасы) Абай алаңы  Орталық стадион;

Қалдаяқов көшесі (Гоголь көшесінің оңтүстігінде)  Халық Арена;

Гоголь көшесі (Қонаев көшесінің бұрышы) Райымбек батыр даңғылы / Абылай хан көшесі;

Қонаев көшесі (Гоголь мен Қазыбек би көшелерінің арасы)  «Сәлем» базары;

Гоголь көшесі (Қалдаяқов көшесінен батысқа қарай) Алматы Арена.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама