USD
USD
USD

Алматыда 60-тан астам мопед ресми тіркеуден өтті

Алматыда 60-қа жуық мопед тіркеуден өткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қазақстанда мопедтерді тіркеу науқаны ресми түрде басталды. Өткен аптада Алматыда алғашқы екі дөңгелекті көлік тіркеліп, оның иесіне техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмір табысталды. Алматы қаласы ролиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев бұл бастаманың маңыздылығын атап өтті.

– Өткен жылы «Жол қозғалысы туралы» заңға енгізілген өзгерістер мопедтерді пайдалану тәртібін реттеуге бағытталған. Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары ретінде қарастырылады және заң талаптарына бағынады. Осыған байланысты Алматы полициясы тіркеу алгоритмі мен қажетті құжаттар тізімі көрсетілген жадынамаларды кеңінен таратуда. Бұл ақпараттық материалдар мопед жүргізушілері жиі жиналатын орындарда, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы таратылып жатыр. Әрбір жүргізуші мопедтерді міндетті түрде тіркеу және А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алу қажеттілігін білуі тиіс, – деді ол.

Алматыда бүгінге дейін 60-тан астам мопед ресми түрде тіркелді.

Сондай-ақ полицейлер экстерриториалдылық қағидатының қолданылатынын еске салды, яғни көлікті кез келген өңірде тіркеуге болады.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты: Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

СІМ ғимараты

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық