USD
USD
USD

Алматыда 37 млн теңге көлемінде айыппұл төлемеген жүргізушілер анықталды

Алматыда 37 млн теңге көлемінде айыппұл салынған көліктер анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Айыппұл төлемегендер тізімінде шетелде тіркелген Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі көшбасшы атанды. Ол 7 миллион теңгеден астам сомаға жол қозғалысы ережесін бұзған. Алайда айыппұлының ешқайсысын төлемеген.

– Құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидаттарын және құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету мақсатында Алматы полициясы тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Одан кейін құқық бұзушының көлігі арнайы айыппұл тұрағына қойылады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес келген жері бойынша тәркілеу туралы хаттама толтырылады. Көлікті айыппұл тұрағынан босату тек айыппұлды толық өтегеннен кейін ғана жүзеге асырылады, – деп мәлімдеді жергілікті полиция қызметінің жедел іздестіру бөлімі.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті