USD
USD
USD

Алматыда 195 рет жол ережесін бұзып, 7 млн теңге айыппұл жинаған 19 жастағы жігіт ұсталды

Алматыда 7 млн теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Алматының 19 жастағы тұрғыны жол ережесін өрескел бұзған болып шықты. Оны полицейлер қаланың Медеу ауданындағы Достық даңғылы бойында ұстады.

– Аз уақыт ішінде көлік жүргізушісі 195 рет жол ережесін бұзған. Айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 7 миллион теңге. Оның үстіне, өкінішке қарай, жүргізуші жалған нөмірді пайдаланып, көліктің жылдамдығын 200 шақырымға дейін үдеткен. Көліктің өзі көрші Қырғызстанда тіркелген. Сот қаулысымен көлік жүргізушісі әкімшілік қамаққа алынды, оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші барлық айыппұлдарын толығымен төлеуге міндетті болады, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Аманбек.

Алматы полициясы жазаның бұлтартпастығы қағидасын тағы да еске салып, жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.