USD
USD
USD

Алматыда 156 көшенің біріне Денис Теннің есімі беріледі

Алматы қаласында 156 көшеге жаңа атау берілетін болды.

Денис Тен
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алматыда көшелердің біріне марқұм мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің аты берілетін болды.

Алматы қаласы мәслихатының XXXIV сессиясы өтіп, бірқатар әлеуметтік маңызы бар мәселелер талқыланып, қолдау тапты.

Алматыдағы 156 атаусыз көшеге атау беру туралы шешім қабылданды.

Оның ішінде:

  • 22 көше – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімімен аталады.
  • 15 көше – тарихи тұлғалардың құрметіне беріледі.

 

Есімі берілетін көрнекті тұлғалар

Жаңа атауларды иеленетін көшелерге Қазақстан тарихы мен мәдениетінде ерекше орын алған тұлғалардың есімдері берілмек:

  • академик Әбдуәли Қайдар,
  • археолог Карл Байпақов,
  • тарихшы Сайым Балмұқанов,
  • ауыр атлетикадан әлем чемпионы Анатолий Храпатый,
  • олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен,
  • халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов,
  • ақын-жазушы Мұзафар Әлімбаев,
  • абайтанушы Қайым Мұхамедханов,
  • қазақ мультипликациясының негізін қалаушы Әмен Қайдаров,
  • КСРО халық артисі Наталья Сац.

Қалған 118 көше тарихи-мәдени және дәстүрлі атауларға ие болады. Бұл ұсыныстар мәслихат комиссияларында қаралып, Қоғамдық кеңеспен келісілген және Республикалық ономастикалық комиссиядан оң қорытынды алған.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Шерзат Болат

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

.

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

Төрәлі Қыдыр

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр

Тұрғын үй