USD
USD
USD

Алматыда 155 кітаптың тұсаукесері өтті

Алматыда «Абай» баспасынан шыққан 155 кітаптың тұсаукесері өтті. Олардың арасында қазақ әдебиетінің алыптары Абай Құнанбайұлы, Дулат Бабатайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы және Мұхтар Әуезов сынды ақын-жазушылардың еңбектері бар, деп жазды 24.kz.

тұсаукесер
Фото: 24.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ бүгінгі күн қаламгерлерінің де шығармалары жарық көрді.

Жиында Bookstagram мобильді қосымшасы да таныстырылды. Ол әртүрлі жанрдағы шығармаларды онлайн оқуға мүмкіндік береді. Болашақта өзге тілдердегі әдебиетпен де толықтырылады екен. Қосымша авторлар, баспалар мен оқырманды бір арнаға тоғыстырады. Сонымен қатар авторлық құқыққа қорған болмақ.

Жазушылар баспаның атқарған жұмысы мен бастамасын жоғары бағалап отыр. Айта кетейік, баспа былтыр 35 кітап шығарған.

 Ақберен Елгезек, «Абай» баспасының директоры:

- Бұл жерде енді 40 пайыз анау ұлы ағартушылардан бастап бүкіл қазақтың ауыз әдебиеті, фольклоры бар соның бәрін қосқан кезде бір 40 пайызын құрайды. 40 пайызы кеңес үкіметі мен тәуелсіз замандағы өмір сүрген біздің классик ақын-жазушыларымыз. Содан кейін 20 пайызы жас авторлармен толықтырылып отыр.


Қазір оқып жатыр

Алматы тауларында ақырған аю даусынан қорыққан туристер құтқарушыларды шақырды

Аю

Тимур Турлов FIDE-нің Ресейге қатысты басты ұстанымын айтты

Тимур Турлов

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті