USD
USD
USD

Алматыда 15 қаңтарда жойқын жер сілкінісі бола ма?

Алматы қаласы сейсмология институты мен төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері алдағы жойқын жер сілкінісі туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

Жер сілкінісі, баллдық шкала
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE.  "Біздің ғылыми орталықта зерттеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Жер қыртысына қатысты 200-ге жуық параметрді зерттеп, қорытынды жасаймыз. Болжам комиссиясының қорытындысына сәйкес, осы аптаның қысқа мерзімді болжамына сәйкес, 10 мен 17 қаңтар аралығында Алматы болжамды полигонында 5,5 баллдық жойқын жер сілкінісі болмайды. 2024 жылға арналған орта мерзімді болжам қаңтар айының соңында дайын болады. Мәліметтер базасы бойынша пікір білдіреміз, біздің бөлімде он зертхана бар. 1998 жылдан бастап Алматы қаласының болжамдары бекітіліп келеді. Тұрғындардан үрейленбей, сақтық шараларын білуді сұраймыз", - деді ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков.

Сейсмологтардың сөзінше, блогерлердің жер сілкінісі болады деген болжамының ғылыми негізі жоқ.

"Өткен жылы біз де 2023 жылға арналған болжамдық комиссияның қорытындысын шығардық. Оған сәйкес магнитудасы 5,5 және одан жоғары болатын жойқын жер сілкінісі алдағы уақытта болмайды. Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл болжам расталды. Қазір әлеуметтік желілерде Алматыда 15 қаңтарда жер сілкінісі болуы мүмкін деген ақпарат таралуда. Блогерлер мұндай болжамды қалай жасағаны белгісіз. Өйткені оларда қандай да бір болжам жасау үшін арнайы техника мен технология жоқ. Олардың мәлімдемелері негізсіз. Ақпараттық бюллетеньге назар аударудың қажеті жоқ. Дүрбелеңге негіз жоқ", - деді маман.

Қазір оқып жатыр

Бүгін Қазақстанда 380 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады

алғашқы қоңырау

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары