USD
USD
USD

Алматыда 12 миллион теңге жымқырған шенеунік сотталды

Мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткені үшін сотталды. 

Сот
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында М.-ға қатысты қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай, сотталушы 2022 жылдың желтоқсан айы мен 2023 жылдың қыркүйек айы аралығында мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары қызметін атқара отырып, «Б» ЖШС-нің қызметін басқаруға заңсыз қатысқан. Қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, ол аталған компанияға қамқорлық көрсетіп, өз пайдасын көздеген. Аталған әрекеттердің салдарынан мемлекетке 12 миллион теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Прокурор соттан оны бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушы кінәсін мойындаған жоқ.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Ботагөз Омарова

6 өңірден салымшы тартқан: Таразда Еnvida ai қаржы пирамидасын құрушылар тексеріліп жатыр

ҚМА

«Бетінің сау тамтығы қалмаған»: Түркістан облысында бес жасар қызды ит талады

Ит қапқан

Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты: іс сотқа жолданды

жол апаты