USD
USD
USD

Алматыда 10 тамыз күні Абайдың 180 жылдығына орай бірнеше көше жабылады

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Алматыда жыл соңына дейін 120-дан астам іс-шара өткізу жоспарланған.

Алматы қаласы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Алматы әкімдігінің мәліметінше, 10 тамыз күні сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін Алматыда көлік қозғалысы мына көшелерде уақытша шектеледі:

• Абай даңғылы бойымен — Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін;

• Достық даңғылы бойымен — Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін.

Шектеулер Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне байланысты енгізіледі.

«Қала тұрғындары мен қонақтарын ұлы ақынның рухына тағзым ету мақсатындағы салтанатты рәсімге қатысуға шақырамыз. Іс-шара сағат 10:00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында басталады. Уақытша қозғалыс өзгерістерін ескеріп, жол жүру ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз», – деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы