USD
USD
USD

Алматыда 10 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріледі

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жылыту маусымының қорытындысы мен келесі кезеңге дайындықты талқылады.

Алматы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жылыту маусымын кезең-кезеңімен тоқтату 10 сәуірден басталады. Ең алдымен, әкімшілік ғимараттар, оқу орындары және мәдениет нысандары жылудан ажыратылады. Одан кейін – тұрғын үйлер мен әлеуметтік мекемелер.

Биылғы маусымда 404 білім беру және 128 медициналық мекеме жылумен қамтылды. Алда 39 шақырым жылу желісін жаңғырту жоспарланған, бұл олардың тозу деңгейін 56,1%-дан 54,9%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

2024 жылы қалада 20 шақырым жылу желісі жаңартылып, 85 қазандық жөндеуден өтті. Бұл жылыту жүйесінің тиімділігін айтарлықтай арттырып, маусымды апатсыз аяқтауға мүмкіндік берді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков