Алматы жылыту маусымына дайын ба?
Алматы қаласы алдағы жылыту маусымына дайындықты пысықтады.
Алматы, NEGE. Алматы қаласы басшылығы алдағы жылыту маусымына 94% дайын екенін мәлімдеді. «Алматыжылу желілері» ЖШС бас инженері Данияр Қазымбетовтің айтуынша, сорғы жабдықтары да 94 пайыз дайын.
Жоспар бойынша биыл 17 жылу желісін қайта жөндеуден өткізу міндеттелген. Олар аяқталуға жақын. Оның ішінде 20 шақырымға жуық жылу желісі мен 6 сорғы станциясындағы жабдықтар жаңартылады. Жалпы, қазіргі таңда қаланың жылу жүйесінде соңғы сынақтар өткізіліп жатыр. Кешенді шара барысында жөндеуден кейінгі құбырлардың беріктігі мен тығыздығы тексеріледі.
Айту керек, биыл ескірген қазандықтар энергияны үнемдеп, жылу өткізуді жақсартатын заманауи еуропалық өнімдерге алмастырылған.
Қазір оқып жатыр
Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды
Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен
Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты
«Аяқкиім мен сөмке сатып алып берген»: Ақтөбе облысында шекара бөлімшесінің бастығы сотталды