USD
USD
USD

«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтініш беру 15 мамырда басталады

Алматы жастарына арналған "Алматы жастары" қалалық жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы 15 мамыр іске қосылады. Бағдарлама аясында 1100 жас отбасына жеке тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі беріледі. 

«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтініш беру 15 мамырда басталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, несиенің ең жоғары сомасы 18 миллион теңгеге дейін өзгеріссіз қалады.

– Бюджет – 20 млрд. теңгеге дейін;

– Қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн. теңгеге дейін;

– Пайыздық мөлшерлеме – 5%;

– Бастапқы жарна – 10%;

– Қамту – 1100 адамнан кем емес.

Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. 

Еске салайық, 2022 жылы "Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасы аясында мың адамға ипотекалық несие беру үшін 18 млрд теңге бөлінген болатын.

Айта кетейік, "Алматы жастары" бағдарламасына қатысу үшін қалада тұрақты тіркелу міндетті емес.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе