USD
USD
USD

«Алматы жастары» бағдарламасы биыл да жалғасын табады

Биыл «Алматы жастары» жобасы аясында қаланың 1 мың тұрғыны баспаналы болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Алматы жастары» бағдарламасы биыл да жалғасын табады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алматы Жастары» қалалық тұрғын үй бағдарламасын биыл да жалғастыру жоспарланып отыр.

Жеңілдікпен несиелендіру бойынша «Алматы Жастары» қалалық бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға қабылдауды бастау, өтінімдер мен құжаттарды қабылдау сайты, бағдарламаның ағымдағы жылғы шарттары мен талаптары бойынша ақпарат Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады», - деп хабарлады қала әкімдігінен.

Осы бағдарлама аясында биыл 1 мың жас отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Айта кетейік, бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады, олар: медицина қызметкерлері, мұғалімдер, ЖОО мен ҒЗИ оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, жазушылар, халықты әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарының мамандары.

2020 жылы үй алуға берілетін қарыз 13 млн теңге еді. Былтыр несие көлемі 18 млн теңгеге арттырылды. Егер өтінім қабылданса, оның 10 пайызын, яғни 1,8 миллион теңгені бастапқы жарна ретінде төлеп, 18 млн теңгеге баспана алуға болады.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай