USD
USD
USD

«Алматы жастары» бағдарламасы аясында берілетін пәтердің саны артады

Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 1100 пәтер беріледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Отбасы банк» АҚ Алматы филиалының директоры Данагүл Түсіпова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы жастары» бағдарламасы аясында берілетін пәтердің саны артады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2017 жылдан бастап қаламызда «Алматы жастары» жеңілдетілген бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Ол барлық өңірлерде аймақтық бағдарламалардың іске қосылуына негіз болды. «Елорда жастары», «Алатау жастары» бағдарламалары бар. Мұнда әр аймақта несие беру шарттары әртүрлі. Мәселен, «Алматы жастары» бағдарламасы аясында білім, денсаулық сақтау, мәдениет, БАҚ, спорт, ғылыми-зерттеу институттары, құқық қорғау органдары сияқты жеті салада еңбек етіп жүрген 35 жасқа дейінгі жастарға несие беріледі»,- деді спикер.

Данагүл Түсіпованың айтуынша, биыл бағдарламаға өзгерістер енгізілмек.

«Қазір әкімдіктің мақұлдауын күтіп отырмыз. Бағдарламаның басталғанын кейін хабарлаймыз. Біз 1100 азаматқа несие беруді жоспарлап отырмыз. Бағдарлама шарттарына келсек, бастапқы жарна – 10 пайыз, мөлшерлеме – 5 пайыз, несие сомасы былтырғыдай 18 млн теңге болуы мүмкін», – деп түсіндірді спикер.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған