USD
USD
USD

Алматы және Атырау әуежайында интернет істемей, рейстер кешіктірілді

Интернеттің істен шығуы Алматы мен Атырау әуежайларының жұмысына да кері әсер етті.

Алматы және Атырау әуежайында интернет істемей, рейстер кешіктірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Air Astana әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, бүгін, 28 қыркүйекте таңғы сағат 4:00 шамасында Алматы әуежайындағы және ішінара Атырау әуежайында интернет байланысынан ақау шыққан.

- Осыған байланысты рейстерге тіркеу қолмен жүргізілді, бұл Алматыдан келетін таңғы рейстердің орташа есеппен 1,5 сағатқа кешігуіне әкеп соқтырды, – делінген хабарламада.

Әуе компаниясының өкілдері интернетке қосылу сағат 8:40-та қалпына келтірілгенін атап өтті.

- Қазіргі уақытта әуе тасымалдаушысы біртіндеп ұшу кестесін қалпына келтіріп жатыр, – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити