USD
USD
USD

Алматы: Вирус жұқтырған 1094 адам емделіп жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 1094 адам емделіп жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті. 

Алматы: Вирус жұқтырған 1094 адам емделіп жатыр
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. 16 қаңтардағы жағдай бойынша 1 578 адам коронавирус жұқтырған, оның 1 360 - симптом белгілерімен және 218 - симптомсыз.

Барлық емделіп шыққандар – 56, келіп түскені – 171.

«Инфекциялық стационарларда (2 380 төсек-орын) жалпы 1 094 адам, оның ішінде 149 бала емделіп жатыр. Жалпы реанимация мен қарқынды терапия бөлімшесінде – 57 адам» деп нақтылады басқармадан.

15 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында – 16 адам ем қабылдап жатыр, High flow-да 10 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5 413 пациент бар.

Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр дәрежеде - 5132, симптомсыз - 281 науқас бар.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті