USD
USD
USD

Алматы: Вакцина алғандар 1 миллионға жуықтады

Алматы қаласында бір тәулікте 4272 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Алматы: Вакцина алғандар 1 миллионға жуықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «19 қазан күні 4272 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 1581, II компонентін 2691 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында тұр. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 19 қазан аралығында қалада 981 365 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 917 766 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 119 875 адамның жасы 60-тан асқан», – деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Депозиттегі ақшаның сыйақысына 5% салық салынатыны рас па: министрлік жауап берді

Ақша

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің есімі жарияланды

"Болашақ" стипендиясы иегері

Қазақстанда өзбекстандық профессор тыңшылық жасады деген күдікпен қамауға алынды

Икболжон Корабоев

50 млн теңгеге дейін: «Ұмай» бағдарламасының жаңа шарттары жарияланды

Жаңа шарттары